18.03.2016, 11:31 5727

ОСК: 18 наурызда саяси партиялардыӊ сайлау алдындағы үгіті аяқталады

2016 жылғы 18 наурыз күнгі сағат 24.00-де Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардыӊ сайлау алдындағы үгіті, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттардыӊ сайлау науқаны аяқталады, деп ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі Бахыт Мелдешов Ортсайлауком брифингі барысында айтты

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 18 наурыз күнгі сағат 24.00-де Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардыӊ сайлау алдындағы үгіті, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттардыӊ сайлау науқаны аяқталады, деп ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі Бахыт Мелдешов Ортсайлауком брифингі барысында айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылғы 18 наурыз күнгі сағат 24.00-де Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардыӊ сайлау алдындағы үгіті, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттардыӊ сайлау науқаны аяқталады", деді Б.Мелдешов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Дауыс беру 20 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден бастап 20:00-ге дейін 9 840 сайлау учаскесінде өтеді.

"Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардыӊ 817 байқаушысы алдағы сайлауды байқауды жүзеге асырады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта шетелдік БАҚ-тардыӊ 147 өкілін аккредиттеді. Осылайша, қазіргі уақытта барлығы 964 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілі аккредиттелді",-деді ОСК хатшысы.

Сонымен қатар, Б.Мелдешов дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауға кандидаттар мен партиялардыӊ сенім білдірген адамдары, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатыса алады деп айтып өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны