18.03.2015, 20:14 3892

ОСК И.Құсайыновты кандидат ретінде тіркеді

2015 жылғы 18 наурызда Ибілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі жөнінде Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы болды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 18 наурызда Ибілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі жөнінде Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы болды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталғандай, орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заӊыныӊ 59-бабы 6-тармағына сәйкес мынадай құжаттар ұсынылды:

1.И.Қ. Құсайыновтыӊ Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;

2.И. Қ. Құсайыновтыӊ өмірбаяндық деректері;

3.И. Қ. Құсайыновты қолдап жиналған азаматтардыӊ қолдарын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларыныӊ хаттамалары;

кандидат пен оныӊ зайыбыныӊ табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органыныӊ анықтамасы; кандидаттыӊ сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊныӊ 56-бабы 2-тармағына сәйкес Президенттiкке кандидатты Республика облыстарыныӊ, республикалық маӊызы бар қаласыныӊ және астанасыныӊ кемінде үштен екiсiнiӊ атынан теӊдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардыӊ жалпы саныныӊ кемінде бiр пайызы қолдауға тиiс. И.Қ. Құсайыновтыӊ кандидатурасын қолдап сайлаушылардыӊ 132 152 рас қолы жиналды.

Ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ибілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасыныӊ Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны