31.03.2014, 19:54 7427

ОСК: Қазақстанның 14 өңірінде 59 мәслихат депутаты сайланды

30 наурыз күні Қазақстанның 14 өңіріндегі 59 сайлау округінде қайта сайланғандарды қосқанда 59 мәслихат депутаты сайланды. Бұл туралы бүгін сайлау қорытындысы бойынша брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлімдеді.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. 30 наурыз күні Қазақстанның 14 өңіріндегі 59 сайлау округінде қайта сайланғандарды қосқанда 59 мәслихат депутаты сайланды. Бұл туралы бүгін сайлау қорытындысы бойынша брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлімдеді.

"Дауыс беру 392 сайлау учаскісінде өтті. Астана қалалық мәслихатының 1 депутаты, 7 облыс депутаты, 12 қалалық және 39 аудандық мәслихат депутаттары исайланды. Сайлау науқаны барысында 188 үміткер ұсынылды. Солардың 61-і саяси партиялардың, 2-еуі қоғамдық бірлестіктердің атынан шықса, 125-і өзін өзі ұсынғандар", - дейді В.Жексембекова.

Оның айтуынша, округтік сайлау комиссиялары мәслихат депутаттығына үміткер ретінде 170 адамды тіркеген.

Орташа бәскелестік бір депутаттыққа 3 үміркерді құрады. Жалпы, республика бойынша сайлау бюллетеньдеріне 145 үміткердің аты-жөні енгізілді.

"Сайлаушылардың келуі алғашқы мәліметтерге сәйкес 74,4% құрады. Дауыс беру және дауыстарды санау барысын байқауды 686 үміткердің сенімді өкілі, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері жүзеге асырды", - дейді.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, сайланған мәслихат депутаттарының құрамында 44 (74,6%) ер адам болса, 15 (25,4%) әйел адам. 57 депутат ҚР саяси партиясының мүшесі, біреуі партияға мүше емес, енді бірі өз партиясын көрсетпеген.

Айта кету керек, сайланған депутаттардың орташа жасы 45 жас. Солардың 56-сы (94,9%) жоғары білімге ие, біреуі (1,7%) орта кәсіптік, екеуінің орта білімі бар. 39% мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпкерліктерде жұмыс істесе, 34% коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.

"Жалпы, сайлау компаниясы сайлау заңнамасының талаптарына сай жүргізілді. Орталық сайлау комиссиясына сегіз өтініш пен хабарлама келіп түсті. Барлық хаттар уақытылы қаралып, тиісті жауап пен түсініктеме берілді", - дейді В.Жексембекова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны