03.04.2015, 22:29 3797

ОСК ҚР Президентініӊ кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тағы 101 байқаушыны аккредиттеді

Орталық сайлау комиссиясы "2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымныӊ байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Орталық сайлау комиссиясы "2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымныӊ байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ ұсынуы бойынша үш халықаралық ұйым мен тоғыз шет мемлекеттен 101 байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Олардыӊ 74-і - ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 1-еуі - ШЫҰ-нан байқаушылар Миссиясынан, 7-еуі - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеӊесінен, сондай-ақ төрт байқаушы - Америка Құрама Штаттарынан, үшеуден - Испания Корольдігі мен Молдова Республикасынан, екеуден - Малайзиядан, Польша Республикасы мен Италия Республикасынан, бір-бірден - Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінен, Франция Республикасы мен Бельгия Корольдігінен.

Осылайша, 2015 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардыӊ үш Миссиясынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД), бір халықаралық ұйым (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеӊесі) мен 27 шет мемлекеттен 337 байқаушыны аккредиттеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ 98 өкілін аккредиттеді.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардыӊ байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны