21.01.2016, 13:21 4318

ОСК: Мәжіліс пен мәслихаттардыӊ сайлауын бірге өткізу 4,8 млн қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді

Мәжіліс пен мәслихаттардыӊ сайлауын бірге өткізу 4,8 млн қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мәжіліс пен мәслихаттардыӊ сайлауын бірге өткізу 4,8 млн қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Парламент Мәжілісі мен барлық деӊгейдегі Мәслихат сайлауына мемлекеттік бюджеттен 7 миллиард 985 миллион 300 мыӊ теӊге керек. Жалпы Мәжіліс депутаттары мен мәслихаттар депутаттарын сайлауды қоса өткізу қазіргі экономикалық жағдайда объективті негізделген шешім деп санаймыз. Бұл сайлау науқандарын өткізуге бөлінген бюджет қаражатын едеуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал бұл шамамен 4,8 миллиард теӊге көлемінде болмақ", - дейді Қ.Тұрғанқұлов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Айта кетейік, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентініӊ Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарыныӊ кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны