17.02.2016, 13:01 3894

ОСК сайлауға дайындықтағы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы туралы ақпарат берді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтыӊ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттарын кезектен тыс сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясыныӊ Басшысы Борис Фрлец мырзамен кездесуі болды

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтыӊ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттарын кезектен тыс сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясыныӊ Басшысы Борис Фрлец мырзамен кездесуі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуге, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы Басшысыныӊ орынбасары Полин Мария Лемос, ҚР ОСК мүшелері, сонымен қатар ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ныӊ сайлау және құқық мәселелері жөніндегі мамандары қатысты, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Ортсайлауком Басшысы Фрлец мырзаны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ және мәслихаттарыныӊ депутаттарын сайлауға дайындық жөніндегі жұмыспен таныстырды, сондай-ақ ҚР ОСК-ныӊ және сайлау органдарыныӊ жалпы ағымдағы жұмысы туралы айтты.

"Қазіргі уақытта Ортсайлауком барлық қажетті кадрлық, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтылған және сайлауды өткізуге дайын. Барлық деӊгейдегі сайлау комиссиялары толықтырылған және жұмысқа дайын. Сонымен қатар біз сайлауды ұйымдастырушылар мен сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жөніндегі, сондай-ақ сайлаушылар тізімдерін жандандыру және түзету жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз. Ортсайлауком төмен тұрған сайлау комиссияларын тиісті құралдармен, брошюралармен, сондай-ақ баспа, дыбыс- және бейнематериалдармен қамтамасыз ете отырып, оларға қажетті ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетуде" - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясыныӊ Басшысы өз кезегінде кездесуді ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ ҚР ОСК тарапынан көрсетілген көмек пен ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді және Миссия сарапшылары жұмысыныӊ ұйымдастырылуы туралы айтып берді.

Кездесу барысында сондай-ақ партиялық тізімдерді ұсынуға және тіркеуге, үгіт науқанын өткізу шарттарына, сондай-ақ дауыс беру күнініӊ сайлау рәсімдері мен сайлау қорытындыларын шығаруға байланысты мәселелер талқыланды.

Соӊында Ортсайлауком Басшысы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясыныӊ сарапшыларына сайлауды байқауда табыс тіледі.

"Біз ынтымақтастыққа дайынбыз және байқау миссияларыныӊ қатысуын алдағы сайлауда жариялық, транспаренттік, ашықтық ахуалын қамтамасыз етуге, сайлау процесініӊ барлық қатысушылары тарапынан сайлауға сенімін арттыруға ықпал етеді деп қарастырамыз" - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны