09.03.2016, 18:32 3533

ОСК ШЫҰ мен ТүркПА елдері атынан бақылаушыларды аккредиттеді

Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен тағы 37 байқаушыны аккредиттеді

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен тағы 37 байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен тағы 37 байқаушыны аккредиттеді. Осы қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ ұсынуы бойынша сайлауды байқау жөніндегі екі Миссиядан, бір халықаралық ұйымнан және бір шет мемлекеттен тағы 37 байқаушыны аккредиттеді.Олардыӊ ішінде: ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан 19 байқаушы, 8 - ШЫҰ Миссиясынан, Түркітілдес елдердіӊ Парламенттік Ассамблеясынан - 7 және Украинадан 3 байқаушы", - деді ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Осылайша, 2016 жылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком үш халықаралық ұйымныӊ Миссияларынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД және ШЫҰ), екі халықаралық ұйымнан (Ислам ынтымақтастығы ұйымы және Түркітілдес елдердіӊ Парламенттік Ассамблеясы) және он шет мемлекеттен 345 байқаушыны аккредиттеді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша 28 мемлекеттен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ 116 өкілін аккредиттеді.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардыӊ байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны