18.02.2016, 17:19 4050

ОСК Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясыныӊ 12 байқаушысын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы "2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарыныӊ кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарыныӊ кезекті сайлауына халықаралық ұйымныӊ байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады, деді ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Орталық сайлау комиссиясы "2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарыныӊ кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарыныӊ кезекті сайлауына халықаралық ұйымныӊ байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады, деді ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ ұсынуы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясыныӊ 12 байқаушысын аккредиттеді", - деді ол, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Осылайша, 2016 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардыӊ 2 Миссиясыныӊ (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД) 52 байқаушысын аккредиттеді.

"Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардыӊ байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады", - деді Т.Охлопкова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны