03.04.2007, 09:59 1327

Өскемен қаласының өрт сөндірушілері тұрғын үй аулаларына кедергісіз кіру мүмкін еместігін айтады

ӨСКЕМЕН . 3-сәуір . Kazakhstan Today. Өскемен қаласының өрт сөндірушілері тұрғын үй аулаларына кедергісіз кіру мүмкін еместігін айтып алаңдауда. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық өртке қарсы күрес қызмет департаменті (ӨҚҚД) хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, ӨҚҚД жүргізген рейд барысында, өрт сөндірушілер кіреберіс жолдары бетонмен немесе шлагбауммен бекітілген үйлерді анықтаған, олар тұрғындардан кедергілерді алып тастауды талап етті.

"Аталған шлагбаумдер мен бетон қоршаулар өте қауіпті",-деді өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары бөлімінің бастығы Александр Кнот. "Өрт бола қалған жағдайда мұндай үйлерге жету және құрал сайманды дайындау уақыты ұзарады",-деді ол.

Оның мәліметінше, рейд барысында Өскеменде "20 жуық аула анықталған, олардың кіреберіс жолдары түгелдей жабық". Мұндай үйлерге не өрт сөндірушілер, не жедел жәрдем қызметінің көліктері жақындай алмайды",-деп атап өтті А.Конт.

ӨҚҚД маманы атап өткендей, өрт сөндіру қызметінде жеңіл көліктер емес , "ЗИЛ", "КамАЗ", "Урал" сияқты үлкен машиналар жасақталған. "Бұл автокөліктер жеңіл машиналар секілді жылдам бұрыла алмайды, ал егер маңайында кедергілер болса тіпті мүмкін емес",-дейді А.Конт.

Қалалық жеке пәтер иелері кооперативтері шлагбаумдар мен бетон кедергілерін алып тастауға ешқандай шара қолданып отырған жоқ. "Тұрғындар мұны аулада бөтен көліктердің тұрғанын қаламайтындықтарымен , түн ортасында олардың дауысын естіп, тіпті бүлдіршіндердің өміріне қауіптенетіндерімен түсіндіреді",-деді А.Конт.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны