11.05.2012, 12:39 3191

Өскеменде атом реакторларының отыны өндірілмек

Зауыттың уран өндірісінде атом электр отын ретінде пайдаланылатын уран таблеткалары бұрыннан-ақ шығарылып келе жатыр. Жаңа жылу бөлгіш жинақтар өндірісі сол уран отыны таблеткаларын циркониден жасалған герметикалық металл түтікшелерге салып құрастырып, жинақтап, атом реакторына енгізілетін даяр өнім түрінде шығаруға мүмкіндік береді. Осылайша ҮМЗ-де ядролық отын өндірісінің толық циклі құрылып, отын таблеткаларының бағасы бұрынғысынан бірнеше есеге артпақ.

Астана. 11-мамыр. Kazakhstan Today - Өскеменде атом реакторларының отыны өндірілмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында биылдан бастап атом реакторларының отыны - жылу бөлу жинақтары өндірісінің жобасын жүзеге асыру шаралары басталады.

Зауыттың уран өндірісінде атом электр отын ретінде пайдаланылатын уран таблеткалары бұрыннан-ақ шығарылып келе жатыр. Жаңа жылу бөлгіш жинақтар өндірісі сол уран отыны таблеткаларын циркониден жасалған герметикалық металл түтікшелерге салып құрастырып, жинақтап, атом реакторына енгізілетін даяр өнім түрінде шығаруға мүмкіндік береді. Осылайша ҮМЗ-де ядролық отын өндірісінің толық циклі құрылып, отын таблеткаларының бағасы бұрынғысынан бірнеше есеге артпақ.

Илемдік атом өндірісі саласындағы белгілі франциялық АREVA компаниясымен бірлесіп салынатын жаңа өндірісте жүз отыз жұмыс орны ашылмақ. Жобаны жүзеге асыру келісіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 - 2010 жылдары Францияға ресми сапары кезінде қол жеткізілген болатын.

Жуықта осы жылу бөлу жинақтары өндірісін іске қосуға орай өткен қоғамдық тыңдауда Үлбі жобалау-құрастыру институтының директоры Федор Глухих ең озық технологияға негізделген бұл өндірістен шығарылатын шығарындылар ҮМЗ-нің жалпы шығарындылар көлемінің 1,12 пайызын ғана құрайтынын, оның экологияға тигізер зияны өте аз көлемде екенін мәлімдеді. Өндірістік қалдық сулар қазіргі күні жұмыс істеп тұрған уран өндірісінің қалдық суларды қайта өңдеу жүйесі арқылы тазартылып отырмақ. Зауыт мамандары, жиынға қатысқан өзге де ұжымдар өкілдері ашық таблеткалар күйінде шығарылып жатқан уран отыны өндірісі қаупінен түтікшеге салынып, жинақталып өндірілетін жаңа өнім өндірісінің қоршаған ортаға тигізер қаупі анағұрлым аз екендігін айтып, экономикалық жағынан аса тиімді жобаны жүзеге асыруға келісетіндіктерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны