11.02.2014, 19:09 4510

Өскеменде халықаралық туристік форум ашылды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге Қазақстан, Ресей, ҚХР, Корея, Монғолия, Словакиядан туристік және қонақ үй компанияларының өкілдері қатысты.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Өскеменде ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің қолдауымен "Өзіңе және әлемге Шығысты таныт" атты халықаралық туристік көрме форумы ашылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге Қазақстан, Ресей, ҚХР, Корея, Монғолия, Словакиядан туристік және қонақ үй компанияларының өкілдері қатысты. Шығыс Қазақстанға арнайы осы шара үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, әкімдік пен өңірлердегі туризм басқармасы өкілдері, сонымен қатар Қазақстанның туристік қауымдастық өкілдері қатысуда.

Шараның ашылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев сөз алды. Облыс әкімінің айтуынша, биыл өңірде Шығыс Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін паш ету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынбақ. Атап айтар болсақ, биылғы жылдың мамыр айында "ЭКСАО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру аясында Өскеменде "Шағын ЭКСПО-2017" форумын өткізу жоспарланған.

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясына Шығыс-Қазақстан өңірінде ішкі туризмді дамыту бойынша сессия ұйымдастырылды. 2014 жылы Қатон-Қарағайдағы "Екі ДОС" ЖШС емдік-сауықтыру базасы құрылысын аяқтау көзделген. Сонымен қатар, "Алтай Альпісі" тау шаңғысы базасын жаңғырту жұмыстары, Өскемендегі сол жағалаудағы облыстық табиғи ландшафт мұражай-қорығы кешені мен архитектуралық-этнографиялық алаңды кеңейту жоспарланған.

Көрме барысында бірқатар халықаралық меморандумдарға қол қойылды. Атап айтар болсақ "Ертіс" ИКК" Ұлттық компаниясының Садыркөл өзенінің жағалауындағы туристік база құрылысы бойынша қазақстандық инвесторлармен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан мен Монғолия арасында туристік бағытты дамыту бойынша Шығыс Қазақстан облыстық туристік ақпарат орталығы мен Монғолия тарапы арасында әріптестік туралы мемоурандум да түзілді.

Туризм басқармасы мен ШҚО сыртқы байланыс және Еуропалық комиссия ауылдық жерлердегі табиғи, мәдени-тарихи және өзге де ресурстарды қолдануға бағытталған туристік индустрияның басты секторларының бірі болып табылатын ауыл туризмін дамыту туралы меморандумға қол қойды. Бұған деген қызығушылық бірқатар шығындарды қажет етеді. Ауыл туризмінің әлеуметтік маңызы ауылдық жерлердегі халықтың жұмыспен қамтуына оң әсер етпек.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті төрағасы Марат Иғалиевтің айтуынша, 2014 жыл Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде туризм жылы болып жарияланғаны белгілі. Аталмыш көрмегі өткізу өңір мемлекеттері аасында туристік саланы дамытуға мүмкіндік бермек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны