07.09.2010, 13:49 3855

Өскеменде Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуі өтті

Өскеменде Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 7 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Өскеменде Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бүгін Өскеменге "Орнықты даму және жоғары технология" атты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының VII аймақаралық ынтымақтастық Форумына қатысу үшін Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев келді. Мемлекет басшыларының кездесуі өтіп, онда Форумның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды"-деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарлағанымыздай, Өскеменде Қазақстан мен Ресей президенттері аймақаралық ынтымақтастық пен сауда-экономикалық өазара қатынас мәселелерін талқылайды. Сейсенбі күні, 7 қыркүйекте президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы VII аймақаралық ынтымақтастық Форумына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны