07.02.2014, 18:41 3433

Өскеменде "Өзіңе және әлемге Шығысты аш" халықаралық туристік көрмесі өтеді

"Өзіңе және әлемге Шығысты аш" халықаралық көрмесі бұдан былай жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда. Ол Қазақстан, Ресей, ҚХР, Корея, Моңголия мен Славакияның туристік және жарнамалық компаниялардың, қонақ үй бизнесінің өкілдерінің басын қосады.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. ҚР ИЖТМ Туризмді индустрияландыру комитетінің қолдауымен Өскеменде ақпанның 11 жұлдызында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен "Өзіңе және әлемге Шығысты аш" атты халықаралық туристік көрме өтеді.

Көрмеде Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту келешегі мен проблемалары талқыланады, деп ҚР ИЖТМ Туризмді индустрияландыру комитетінен хабарлады.

Көрменің іскерлік бөлімінде туризмнің кәсіби мамандары Шығыс Қазақстан өңірінің бұл сала бойынша не ұсына алатыны, мүмкіндігі сараланады. Сонымен қатар, көрмеде туристік азық-түліктер экспонаттары қойылса, Шығыс Қазақстанның туристік аймақтарына жолдамалар төмен бағамен сатылады.

"Өзіңе және әлемге Шығысты аш" халықаралық көрмесі бұдан былай жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда. Ол Қазақстан, Ресей, ҚХР, Корея, Моңголия мен Славакияның туристік және жарнамалық компаниялардың, қонақ үй бизнесінің өкілдерінің басын қосады. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанға еліміздің барлық аймақтарынан әкімдіктің және туристік ұйымдардың өкілдері қатысады.

Іскерлік бөлімде ішкі туризмнің сұрақтары бойынша пікірталас өткізіледі. Сонымен қатар, көрме аясында бірқатар халықаралық ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде.

ҚР ИЖТМ Туризмді индустрияландыру комитетінің төрағасы Марат Иғалиев атап өткендей, мұндай көрмелер еліміздің түрлі аймақтарында өткізілетін болады. Олардың мақсаты ішкі туризмді дамыту және ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалу.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны