27.05.2010, 14:51 2227

Өскеменде супермаркетке 22 млн теңгенің тонаушылығын жасаған үш күдікті ұсталды

Өскеменде супермаркетке 22 млн теңгенің тонаушылығын жасаған үш күдікті ұсталды

Семей. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Өскеменде супермаркетке 22 млн теңгенің тонаушылығын жасаған үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мамыр айының басында "Арзан Сауда" ЖШС-інен ақша ұрлау оқиғасы туралы хабар келген. "Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы анықтағандай, ұрлық "Арзан" оптомаркеті ғимаратының әкімшілік бөлігінің екінші қабатында орналасқан басты касса жайынан жасалған. Бөлмеде екі металл сейф болған, олардың бірінде металл тиындар, екіншісінде - қағаз ақшалар сақталған. ЖШС әкімшілігінің мәлімдеуінше, түрлі купюралармен 22 млн теңге ұрланған", - деп хабарладйы баспасөз қызметі.

Тергеу барысында мәлім болғанындай, күдіктілер ақша салынған сейфтері бар бөлмені кілт сәйкестендіру арқылы ашқан. Ұрлықтан кейін олар оператордың бөлмесіне кіріп, жалпы бейнебақылау жүйесін өшіріп, шатыр арқылы қашқан.

Полицияның мәліметінше, жуырда іске асырылған жедел іздестіру шараларының барысында орталық базар маңайынан 21 жастағы күдікті қолға түсті. Ол "Арзан" оптомаркетінде аға сатушы болып істеген, бұған дейін сотталмаған. ""Арзан Сауда" ЖШС-інен ақша ұрлау дерегін жігіт мойындады, бұдан кейін орталық базардағы контейнерден 50 мың АҚШ доллары табылып тәркіленді", - деп хабарлайды полициядағылар.

"Сол күні тағы бір күдікті ұсталып, ол да қылмысты мойындады, бұдан кейінгі тергеу іс-әрекеттерінің барысында бір үйдің шатырынан 4,2 млн теңге көлеміндегі ақша табылып тәркіленді. Сондай-ақ, тағы бір 24 жастағы жігіт қолға түсті, одан тергеу іс-шараларының барысында 7,4 млн теңге тәркіленді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сөйтіп тәртіп сақшылары 16 млн астам теңгені тауып қайтарды. Үш күдікті де тұтқындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны