21.08.2006, 13:18 2913

Өскемендік тәртіп сақшылары қала көшелерінде қылмыстың азайғанын айтады

ӨСКЕМЕН. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Өскемендік тәртіп сақшылары қала көшелерінде қылмыстың азайғанын айтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, тәртіп сақшылары жыл басынан бері қала көшелеріндегі қылмыстар санын 2005-жылмен салыстырғанда 25,1 процентке азайта алды. Егер 2005-жылдың 7 айында көшелерде 486 қылмыс жасалса, 2006-жылы бұл сан 364-ке жетті. Бұған қоса қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар 7,1 процентке азайып, былтыр 507 болса, 2006-жылы 471 болды.

Жуырда қалалық ІІД қызметкерлеріне 25 жаңа автокөліктің кілтін табыс еткен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпуновтың айтуынша,"облыс орталығындағы қылмыстық ахуалды сауықтыруға бағытталған проблемалық мәселелер жергілікті атқарушы биліктің назар төрінде қала береді".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны