14.11.2007, 17:16 2632

Өскеменнің тұрғынынан ірі көлемдегі героин тәркіленді

Өскеменнің тұрғынынан ірі көлемдегі героин тәркіленді.

Семей. 14-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменнің тұрғынынан ірі көлемдегі героин тәркіленді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 10-қарашада жол полицейлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 33 жастағы еркекті ұстаған, оны тінту барысында салмағы 91 грамм героин табылған.

"Кейінірек, осы азаматтың тұрғылықты тұратын жеріне тексеру жүргізу барысында оның үйінен 425 грамға жуық героин табылып, тәркіленген",- деп түсіндірді полицейлер.

"Тәркіленген героиннің бұл көлемі полиция қызметкерлерінің осы жылы тәркілеген есірткілерінің ішіндегі ең үлкен көлемі болып табылады",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны