07.12.2011, 12:48 2920

ОСК-ның жанынан парламент мәжілісіне сайлаудағы ақпараттық дауларды қарайтын қоғамдық кеңес құрылды

"ОСК жанынан қоғамдық кеңес құрылады, ол консультациялық-кеңес органы болады", - деп мәлім етті ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен сәрсенбі күні комиссияның отырысында.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - ОСК-ның жанынан парламент мәжілісіне сайлаудағы ақпараттық дауларды қарайтын қоғамдық кеңес құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ОСК жанынан қоғамдық кеңес құрылады, ол консультациялық-кеңес органы болады", - деп мәлім етті ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен сәрсенбі күні комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, кеңеске белгілі заңгерлер, саясаттанушылар, алдыңғы қатарлы және аймақтық БАҚ басшылары енді.

"Бұл (ақпараттық дауларды шешу бойынша қоғамдық кеңестің құрылуы - ҚазТАГ) барлық сайлау науқандарында бар тәжірибе. Біз объективтілікке үміттенеміз", - деді һз кезегінде ОСК басшысы Қуандық Тұрғанқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны