04.06.2019, 23:28 8033

Қостанай қаласының көші-қон қызметінің бөлім бастығы пара алған күдікті деп танылуда

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі шешілуде.

Қостанай. 4 маусым. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай қаласының Полиция басқармасы көші-қон қызметінің бөлім бастығының пара алу фактісін анықтады.

Ол шетел азаматтарынан жалпы қамқорлығы, тұру ықтиярхатын кедергісіз тіркеу және рәсімдеу үшін жалпы сомасы 300 мың теңге пара алуда күдікті деп танылуда.

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі шешілуде.

Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны