14.06.2019, 23:08 9580

Қостанай облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

6 маусымда Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен М. Наурзов және Д. Бөпежанов пара алуда кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, тиісінше 4 және 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Нұр-Сұлтан. 14 маусым. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті бұрын Қостанай облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері М. Наурзов және оның орынбасары Д. Бөпежановқа қатысты мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу барысында жалпы қамқорлық көрсету үшін "Noda med" ЖШС директоры Н. Құдабаевадан 4,4 млн. теңге және "Дез Сервис KZ" ЖШС директоры Б. Омаровтан 180 мың теңге сомада пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

А.ж. 6 маусымда Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен М. Наурзов және Д. Бөпежанов пара алуда кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, тиісінше 4 және 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Осы сотпен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, пара берушілер

Н. Құдабаева 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына, Б. Омаров 360 мың теңге көлеміндегі айыппұлға тартылды, деп хабарлайды МҚІСЖҚА баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны