20.07.2019, 18:11 8168

Қостанай облысында есірткі дилерлерінің қылмыстық тобы ұсталды

10 адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топта ұйымдастырушы, курьер, өткізуші, жеткізушілердің рөлдері нақты белгіленген. Қазіргі уақытта топтың 6 мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды,4 қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды.

Нұр-Сұлтан. 20 шілде. Kazakhstan Today - Қостанай облысында есірткі дилерлерінің қылмыстық тобы ұсталды.

ІІМ қызметкерлері және Қостанай облысының полицейлері ұзақ әзірлемеден кейін өңірде есірткі өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.

Қылмыскерлерді құрықтау жергілікті полиция департаментінің арнайы мақсаттағы жасағының қатысуымен Рудный қаласы мен Федоров ауданының аумағында жүргізілді.

10 адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топта ұйымдастырушы, курьер, өткізуші, жеткізушілердің рөлдері нақты белгіленген. Қазіргі уақытта топтың 6 мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды,4 қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды.

Полиция қызметкерлері ұстау және тінту іс-шаралары барысында 400 грамм героин, 3 млн. 550 мың теңге, 6 мың 400 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат, алтын бұйымдар және өздері қолданып жүрген 5 автомашина тәркіледі.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша (аса ірі көлемде есірткіні өткізу), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігі бойынша (ҰҚТ құру және басқару) және ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі бойынша (ҰҚТ қатысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Заңнамада аталған қылмыстар үшін мүлкін тәркілеумен 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны