10.08.2019, 15:23 33365

Қостанай облысында жаңа өңірлік мемлекеттік қызметкерлерді тестілеу орталығы ашылды

Бұл Қостанай облысындағы осындай екінші зал, біріншісі облыс орталығында орналасқан.

Қостанай. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Қостанай облысының Арқалық қаласында жаңа өңірлік мемлекеттік қызметкерлерді тестілеу орталығының ашылу салтанаты болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ендігі жерде Амангелді, Жангелді, Науырызым аудандары, Арқалық қаласының, сондай-ақ, көршілес Ақмола облысының Жақсы, Есіл, Жарқайың, Қарағанды облысының Ұлытау аудандарының өмірін мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін тұрғындары үшін тест тапсыру барынша ыңғайлы болды, мемлекеттік қызметтен үміткерлер өз уақыттары мен қаражаттарын үнемдей алады",- дейді Қостанай облысының Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Салауат Мүксімов.

Мұндай күрделі қадамға бармас бұрын департаменттегілер өңірлердің облыс орталығынан шалғайлығын, мемлекеттік қызметкерлердің санын және өңірлердегі бос жұмыс орындарын зерттеді.

Тестілеу залы ең үздік материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Бұл Қостанай облысындағы осындай екінші зал, біріншісі облыс орталығында орналасқан.

Еске сала кетейік, мемлекеттік қызметке алғаш рет немесе қайта кірісуші азаматтар Қазақстан Республикасының заңнасы мен мемлекеттік тіл білімін тестілеуден, жеке қасиеттерін бағалаудан және сұхбаттан өтуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны