18.04.2019, 23:24 22006

Осы айдың басынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола және Маңғыстау облыстарында "Участок" жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде

113 тұрғын жайдың иесі іс жүзінде сол жерде тұрмайтын адамдарды тіркеуге қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Осы айдың басынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола және Маңғыстау облыстарында "Участок" жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Бірінші кезекте астананың шеткі аумақтарындағы, сондай-ақ қаланың маңайындағы елді мекендердегі әрбір пәтер мен аула тексерілуде.

Сәуірдің алғашқы он күні ішінде учаскелік полиция инспекторлары мен төтенше жағдайлар қызметкерлері 425 мың тұрғын үй мен саяжайды, оның ішінде жалға берілген 12 мыңнан астам пәтер тексерілді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері шетелдіктер тарапынан көші-қон заңнамасын бұзылған 3,5 мыңнан астам фактіні анықтады. Оның ішінде сот 345 шетелдікке елден шығару түріндегі жаза тағайындады.

Тексеру барысында тұратын жері бойынша тіркелмеген немесе жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз болған 3,7 мыңнан астам факті анықталды.

113 тұрғын жайдың иесі іс жүзінде сол жерде тұрмайтын адамдарды тіркеуге қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны