04.05.2016, 18:44 3861

Отан қорғаушылар күні қарсаӊында ҚР Мемлекеттік хатшысы Искери-патриоттық орталықта жастармен кездесу өткізді

Одан кейін Г. Ибдіқалықова жоғары оқу орындарыныӊ студенттерімен, "Жас ұлан" республикалық мектебі мен әскери-патриоттық клубтардыӊ тәрбиеленушілерімен, Астана қаласыныӊ жалпы білім беру мектептерініӊ оқушыларымен кездесуі өтті. Іс-шараға сондай-ақ мемлекеттік органдардыӊ басшылары, еӊбек ардагерлері, Қарулы Күштерініӊ офицерлері қатысты

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 71 жылдығы қарсаӊында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова ҚР Қарулы Күштерініӊ Ұлттық әскери-патриоттық орталығына барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттік хатшы ҚР ҚК Искери-тарихи мұражайыныӊ экспозицияларымен танысып, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығыныӊ құрметті қонақтары кітабында естелік жазбасын қалдырды.

Одан кейін Г. Ибдіқалықова жоғары оқу орындарыныӊ студенттерімен, "Жас ұлан" республикалық мектебі мен әскери-патриоттық клубтардыӊ тәрбиеленушілерімен, Астана қаласыныӊ жалпы білім беру мектептерініӊ оқушыларымен кездесуі өтті. Іс-шараға сондай-ақ мемлекеттік органдардыӊ басшылары, еӊбек ардагерлері, Қарулы Күштерініӊ офицерлері қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан Республикасыныӊ әрі қарай дамуы мен өркендеуіне бағытталған "Мәӊгілік ел" патриоттық актісін іске асыру шеӊберінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудіӊ өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар жаӊа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жөнінде Қорғаныс министрлігініӊ ардагерлер қоғамымен, өскелеӊ ұрпақпен және уәкілетті мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету тұрғысында пікір алмасты.

Кездесу соӊында Мемлекеттік хатшы әскери-патриоттық тәрбие берудіӊ әрі қарайғы дамуыныӊ басымдықтарын атап өтіп, келе жатқан Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 71 жылдығымен құттықтады.

Қарулы Күштердіӊ Ұлттық әскери-патриоттық орталығын 2015 жылдыӊ 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті ашқанын естеріӊізге сала кетейік. Оныӊ құрылымы Искери-тарихи мұражайдан, Орталық әскери оркестр және Орталық ансамбльден құралған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны