26.02.2024, 15:08 51591

Отандық асфальтбетон зауыттарына инспекция жүргізіледі

Қазақстанда жалпы 300-ден астам асфальтбетон зауыты жұмыс істеп тұр
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары Қазақстандағы асфальтбетон зауыттарын тексеруге кірісті, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Олардың жаңа құрылыс маусымына және асфальтбетон қоспаларын сапалы өндіруге дайындығы тексеріледі, сондай-ақ жол-құрылыс материалдарын сынайтын зертханаларға бақылау қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары мен ғалымдарынан құралған комиссия Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірлесіп Жамбыл облысындағы асфальтбетон зауыттарына зерттеу жүргізіп жатыр.

Қазақстанда жалпы 300-ден астам асфальтбетон зауыты жұмыс істеп тұр. Отандық жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары сапа стандарттары мен нормативтерге сәйкестігін тексеру мақсатында әрбір зауытқа инспекция жүргізуді жоспарлап отыр.

Тексеру жұмыстарының нәтижелері ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қолдауымен құрылған rcmbase.kz жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасында қолжетімді болады. Аталған базада зауыттың орналасқан орны, техникалық сипаттамалары, жобаларға қатысуы, зертханалардың болуы, салмақ үлестіргіштерінің жай-күйі және асфальтбетон зауыттарының экологиялық қауіпсіздігі жөніндегі шаралардың сақталуы туралы деректер ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын құру жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыруға, жеткізушілерді таңдау кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге және жол құрылысында материалдар мен технологияларды пайдалануды жүйелеуге арналған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны