04.01.2008, 17:40 3075

Өткен айда ҚР ІІМ қызметкерлері бірқатар адам өлтіру қылмыстарын ашты

Өткен айда ҚР ІІМ қызметкерлері бірқатар адам өлтіру қылмыстарын ашты

Астана. 4-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өткен айда ҚР ІІМ қызметкерлері бірқатар кісі өлтіру қылмыстарын ашты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, 16-желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Чехов аулында Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының қызметкерлері 5-желтоқсанда екі кісі өлтірген деген күдікпен ауылдың екі тұрғынын құрықтаған. Сол күні Шымкентте Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының қызметкерлері 52 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен Өзбекстанның 26 жастағы азаматын ұстаған. 18-желтоқсанда Қарағанды облысының Қызылжар аулында АІІБ жедел тобы мен учаскелік инспекторы ерегес барысында өзінің 35 жастағы ағасын өлтірді деген күдікпен 30 жастағы еркекті құрықтаған, ал 19-желтоқсанда Алматыда Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының қызметкерлері тергеудегі 21 жасар тұтқынды Қырғызстанның 57 жастағы азаматын пайдакүнемдікпен өлтіргендігін анықтады.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 20-желтоқсанында Ішкі істер департаментінің патрульдік жасағы Тараз қаласында 31 жастағы еркекті өлтірді деген күдікпен облыстың 29 жастағы тұрғынын құрықтаған. Дәл осы күні Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының қызметкерлері 17-желтоқсанда пайдакүнемдікпен Өзбекстан республикасының 46 жастағы азаматын өлтірді деген күдікпен қаланың үш тұрғынын ұстаған.

Сондай-ақ, 23-желтоқсанда Оңтүстік қазақстан облысының Ил Фараби аулында Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының қызметкерлері 8-желтоқсанда өзінің 14 жасар туысқан қарындасын зорлағанын жасыру мақсатында өлтірді деген күдікпен осы ауылдың 23 жасар тұрғынын құрықтаған. 24-желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында АІІБ криминалдық полициясының қызметкерлері ұрыс барасында 58 жасар еркекті өлтірді деген күдікпен тұрақты тұратын жері жоқ 58 жасар еркекті құрықтаған.

25-желтоқсанда Павлодарда Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының қызметкерлері 22 жасар кәсіпкерді ұрыс барысында өлтірді деген күдікпен қалының 20 жасар тұрғынын ұстаған. Осы күні Павлодар облысының Ақсу қаласында Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының қызметкерлері 25 жасар жігітті өлтірді деген күдікпен қала колледждерінің бірінде оқитын 16 жасар жасөспірімді құрықтады.

26-желтоқсанда Астанада Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қаланың екі тұрғынын ұстаған, олар 19-желтоқсанда пайдакүнемдікпен 50 жастағы еркекті өлтірді деген күдікпен ұсталған. Дәл осы күні астанада Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 22-желтоқсанда пайдакүнемдікпен Оңтүстік Кореяның 45 жастағы азаматын өлтірді деген күдікпен қаланың үш тұрғынын құрықтаған.

28-желтоқсанда Атырау облысының Індер аулында АІІБ жедел тобы 28 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен жауапкершілігі ешктеулі серіктестіктердің бірінде жұмыс істейтін 39 жастағы азаматты құрықтаған, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны