02.06.2008, 14:27 2721

Өткен аптада ҚР құқық қорғау органдары 16 қылмыстық іс қозғады

Өткен аптада ҚР құқық қорғау органдары 16 қылмыстық іс қозғады

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өткен аптада ҚР құқық қорғау органдары 16 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ұйымдасқан қылмыспен күрес желісі бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрып басшылық ету, бұрын жасалған қылмыстық қарақшылық шабуыл және 4 алаяқтық дерегі бойынша", -деп хабарлайды ІІМ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен аптада қылмыстық ортаның бір серкесі мен бір ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушы әрі басқарушы ұсталды.

Атап айтсақ, ІІМ қызметкерлерінің мәліметінше, 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері үш әйелден тұратын қылмыстық топты құрықтады, олар жалған құжаттармен банктерден 100 мың АҚШ доллары көлемінде несие алған. "Бұл топ аса ірі көлемде алаяқтық жасау қылмысына жататын 5 оқиғаға қатысы бар деп танылып отыр", - деп хабарлайды ІІМ.

Сол күні Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері 1 мың доллар ақшаны бопсалағаны үшін бір ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысын ұстады. Сонымен бірге, 26 мамырда Ақмола облыстық ІІД мен Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлері қылмыстық ортаның екі серкесін ұстады, олардцң біріншісінен 1,33 грамм героин, ал екіншісінен 179 грамм героин мен қылмыстық жолмен табылған 450 мың теңге табылды.

"30 мамырда Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері 3 грамм героинді сатқаны үшін бір ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны