02.07.2014, 20:10 1527

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар жалпы саны 90 шекара бұзушыларды ұстады

Оның ішінде, Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзғаны үшін Өзбекстанның 30 азаматы ұсталды. Ұсталғандар ҚР Икімшілік-құқықтық заң бұзушылық кодексінің 394 бабының 1 тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар жалпы саны 90 шекара бұзушыларды ұстады,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Оның ішінде, Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзғаны үшін Өзбекстанның 30 азаматы ұсталды. Ұсталғандар ҚР Икімшілік-құқықтық заң бұзушылық кодексінің 394 бабының 1 тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды.

"Кордай" (автомобильдік) шекара отрядының бақылаушылары мерзімдік белгісі жалған көрсетілген штамп бойынша мемлекеттік шекараны қиып өтпекші болған Өзбекстан Республикасының азаматшасын ұстады.

Аталған деректер бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала оған ҚР Қылмыстық кодексінің 325 бабының 3 тармағы бойынша айып тағылды.

"Астана - Москва" бағытындағы поезға шекаралық бақылау өткізу кезінде Орал шекара отрядына қарасты "Шыңғырлау" бақылау бекетінің бақылаушылары қызметтік иттің көмегімен иісі, түр-түсі "марихуанаға" ұқсайтын, салмағы 50 гр. затты анықтады.

Қазіргі уақытта анықтау жұмыстары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны