27.04.2016, 19:27 4611

Өткен жылы Астана Қазақстан экономикасы өсімініӊ 40 пайызын қамтамасыз етті

Өткен жылы Астана Қазақстан экономикасы өсімініӊ 40 пайызын қамтамасыз етті. Бұл туралы бүгін Астана қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеӊесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті

Астана. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Өткен жылы Астана Қазақстан экономикасы өсімініӊ 40 пайызын қамтамасыз етті. Бұл туралы бүгін Астана қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеӊесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мен қазір ғана салынып жатқан нысандарды көрдім, қарқыны қызу. Белгіленген кесте орындалып жатыр. Күн сайын құрылыс нысандарында он мыӊ адам жұмыс істеуде", деді Елбасы, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Осы ретте Мемлекет басшысы көрмені ұйымдастыру және өткізу тәуелсіз Қазақстанныӊ барлық жетістіктері мен елордамыздыӊ келбетін паш етуі тиістігін баса айтты.

"Ал біздіӊ жетістіктеріміз бар. Өткен жылдыӊ қорытындысында ғана Астана ел өӊірлері арасында ішкі өнім өсімініӊ еӊ жоғары қарқынына, бес пайыздық деӊгейіне қол жеткізіп, 2015 жылы бүкіл Қазақстан экономикасы өсімініӊ 40 пайызын қамтамасыз етті. Астаналықтарды бұл жетістіктерімен құттықтауға да болады",- деді Н.Назарбаев.

ҚР Президентініӊ атап өтуінше, елордада инвестиция тарту бағытында да айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Жалпы, елорда құрылған күннен бері тартылған инвестиция көлемі 6 трлн. теӊгеден асып жығылды. Оныӊ 2 трлн. теӊгесі мемлекет бюджетінен бөлінген болатын. Алайда бүгінгі күнніӊ өзінде ел қазынасына салық түрінде 4 трлн. теӊге аударылған.

"Яғни, бұл мемлекет жүзеге асырған өте тиімді жоба болып отыр. Өздеріӊіз көріп отырғандай, мемлекет шығындаған қаржы бір демде қайтарылды. Бұған қоса, өткен жылы Астана алғаш рет біздіӊ бюджетіміздіӊ доноры болды. 900 млрд. теӊге аударылды. Барлық түсімдердіӊ 75 пайызы қала халқыныӊ жартысын жұмыспен қамтып отырған шағын және орта бизнес үлесінде. Бұл барша Қазақстан ұмтылатын деӊгей", деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны