06.01.2009, 13:50 2637

Өткен жылы Астанада азаматтардың шағымдары бойынша тиісті шара қолданбағаны үшін ІІД-нің 56 қызметкері жауапкершілікке тартылды

Өткен жылы Астанада азаматтардың шағымдары бойынша тиісті шара қолданбағаны үшін ІІД-нің 56 қызметкері жауапкершілікке тартылды

Астана. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өткен жылы Астанада азаматтардың шағымдары бойынша тиісті шара қолданбағаны үшін ІІД-нің 56 қызметкері жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте Астана қалалық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Өміржан Рахымберлинов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 жылдың 12 айында қылмыстық-процессуалдық заңнаманы бұзғаны үшін, атап айтқанда, шағымдарды қарауды сөзбұдаға салғаны үшін, азамататрдың шағымдары бойынша тиісті шара қолданбағаны үшін ІІД-нің 56 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Ө. Рахимберлинов.

Оның айтуынша, қазір Астана қалалық ІІД тәртіп сақшыларының қатарындағы парақорлыққа қарсы күреске айрықша назар аударуда. "2007 жылы бізде сыбайлас жемқорлық заң бұзушылыққа қатысты 11 дерек шықты, ал бүгінгі уақытта 9 дерек тіркеліп отыр, яғни, ондай заң бұзушылықтар азайып келеді", - деді ол.

"Ішкі қауіпсіздік басқармасының өз күшімен бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық заң бұзушылыққа қатысты 6 дерек әшкереленді. Осы 6 деректің 3 оқиғасына жол полициясының қызметкерлері қатысты ", -деп нақтылады Ө. Рахимберлинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны