01.02.2013, 13:17 3546

Өткен жылы Қазақстанда 1 млрд тоннадан астам қалдық өңделді

2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 1 млрд тоннадан астам қалдық өңделіп, 244 млн тонна қалдық кәдеге жаратылған, деп хабарлады ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысқан ведомствоның кеңейтілген мәжілісінде.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Өткен жылы Қазақстанда 1 млрд тоннадан астам қалдық өңделді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 1 млрд тоннадан астам қалдық өңделіп, 244 млн тонна қалдық кәдеге жаратылған, деп хабарлады ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысқан ведомствоның кеңейтілген мәжілісінде.

"Жыл ішінде республикада 1 млрд тоннадан астам қалдық өңделіп, 244 млн тонна қалдық кәдеге жаратылған, бұл жоспардағыдан 104 млн тонна көп. Қалдықтарды қайта өңдеу үлесі оның құралуының 24% құрады", - деді ҚОҚМ басшысы.

Ведомство жұмысын қорытындылай келіп, Н.Қаппаров республикадағы экологиялық жағдайдың жақсарғанын айтты. ҚОҚМ мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылмен салыстырғанда қоршаған ортаны ластайтын заттарды шығару мен төгу көлемі тиісінше 1,3% және 1,7% құраған.

Бұл, министрдің сөзіне қарағанда, өнеркәсіптік қәсіпорындарға экологиялық таза технологияларды енгізу есебінен мүмкін болуда.

Бұдан басқа, оның айтуынша, 2013 жылдың басты мақсаты "жасыл экономиканы" дамытуға бағытталған "Жасыл Даму" бағдарламасының жобасын бекіту болып табылады.

Үстіміздегі жылы ҚазЭАҒЗИ РМК мемлекеттің 100% қатысуымен "Жасыл Даму" АҚ болып қайта құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны