13.02.2012, 14:56 3703

Өткен жылы кеденшілердің үстінен 65 қылмыстық іс қозғалған

"Өткен жылы кеден органдарының лауазымды тұлғалары жасаған іс-әрекеттер дерегі бойынша 127 қызметтік тексеріс өткізілді. 1022 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 50-і кеден органдарынан жұмыстан қуылды", - деп хабарлады А.Кочубей.

Астана. 13-ақпан. Kazakhstan Today - Өткен жылы кеденшілердің үстінен 65 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Александр Кочубей мәлім етті.

"Өткен жылы кеден органдарының лауазымды тұлғалары жасаған іс-әрекеттер дерегі бойынша 127 қызметтік тексеріс өткізілді. 1022 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 50-і кеден органдарынан жұмыстан қуылды", - деп хабарлады А.Кочубей.

Оның сөзіне қарағанда, кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар тиісті ведомствалық бақылаудың жоқтығынан орын алып отыр.

"Кеден органдары қызметкерлері тиісті ведомствалық бақылаудың жоқтығынан сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарға жол беріп отыр. 2011 жылы 51 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталды. 40 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны