23.04.2008, 14:50 2986

Өзбекстан басшысы Астананың медициналық қызметті дамытудағы жетістіктерін атап өтті

Өзбекстан басшысы Астананың медициналық қызметті дамытудағы жетістіктерін атап өтті

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімов Астананың медициналық қызметті дамытудағы жетістіктерді атап өтті. Бұл туралы ол бүгін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Астанада құрылысы жүргізіліп жатқан республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталығына барған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

"Астанада заманауи жоғары кәсіби көмек көрсету үшін заманауи ірі клиникалар құрылыстары жүргізіліп жатыр", - деді И. Кәрімов журналистерге берген сұхбатында. "Менің пікірімше алынған бағыт дұрыс, сондықтан жоспарланған барлық істердің жүзеге асырылуына тілектестік білдіремін", - деп атап өтті ол.

Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталығы Астанада құрылып жатқан медициналық кластері нысандарының бірі болып табылады.

Н. Назарбаев хабарлағанындай, орталық Астананың 10 жылдық мерейтойына орай биылғы жылдың маусымында ашылуы жоспарланған.

"Менің пікірімше, бұл Қазақстан бойынша ең жақсы орталық болады, мүмкін әлем бойынша да", - деп атап өтті ҚР президенті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, "Мега-Астана" сауда көңіл көтеру орталығына барып қайтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны