23.12.2017, 16:08 5362

Өзбекстан мемлекет көрсететін қызметтер саласын дамыту бойынша Қазақстан тәжірибесін игеруді жоспарлауда

Қабылданып жатқан шаралар Қазақстанныӊ Азия елдері арасында электрондық үкіметті дамыту индексінде алдынғы қатардан орын алуға мүмкіндік берді, БҰҰ-ныӊ осындай индексінде әлемніӊ 174 елінен 33-орында.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today -Өзбекстан мемлекет көрсететін қызметтер саласын дамыту бойынша Қазақстан тәжірибесін игеруді жоспарлауда.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет көрсету департаментініӊ директоры Иділбек Мұқашевтыӊ көрші елдіӊ Иділет министрлігі, "бір терезе" және "электрондық үкімет" жүйесін дамыту орталықтарыныӊ өкілдерімен кездесу барысында белгілі болды.

Кездесу барысында қазақстандық тарап бағалау, бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша өз тәжірибесін таныстырды.

Аталған салаларда Қазақстанныӊ негізгі жетістіктері, соныӊ ішінде қызмет саласындағы тұрмыстық жемқорлық дәрежесін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берген, мемлекеттік қызмет көрсетудегі бизнес үрдісті жетілдіру мемлекеттік органдарын бағалаудағы жаӊа тәсілдерін қолдану, ынталандыру және уәжделеу әдістері атап өтілді.

Қазіргі таӊда "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және жүзеге асырылуда, ол сыбайлас жемқорлықты және бюрократияны одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді, мемлекеттік органныӊ қызметініӊ ашықтығын, азаматтардыӊ, бизнестіӊ құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттіӊ мүдделерін арттыруды қамтамасыз етеді.

Қабылданып жатқан шаралар Қазақстанныӊ Азия елдері арасында электрондық үкіметті дамыту индексінде алдынғы қатардан орын алуға мүмкіндік берді, БҰҰ-ныӊ осындай индексінде әлемніӊ 174 елінен 33-орында.

Өз кезегінде Өзбекстан Республикасыныӊ өкілдері Қазақстан тәжірибесіне кәсіби қызығушылық танытты және Өзбекстандағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласын Қазақстан үлгісі бойынша дамыту жұмыстары жүріп жатқаны туралы хабардар етті.

Халыққа ыӊғайлы жағдай жасау және мемлекеттік қызметтерді орталықтандырылған түрде көрсету аясында Өзбекстанда Президент жаӊынан жаӊа ведомтсво - Жедел қызмет көрсету агенттігін құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Аталған Агенттік мемлекеттік қызметтерді елдіӊ барлық территориясы бойынша уақтылы және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және мемлекеттік органдар қызметініӊ тиімділігін арттырады.

Кездесу қортындысы бойынша екі жақ бұдан әрі қарым-қатынас орнату туралы келісті.Қазақстан мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру бойынша қажетті әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны