30.04.2008, 18:49 6597

Өзбекстан мен Тәжікстаннан заңсыз келген 65 адам Алматыдан шығарылды

Өзбекстан мен Тәжікстаннан заңсыз келген 65 адам Алматыдан шығарылды

Алматы. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Құқық қорғау" жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында Алматыға заңсыз келген 65 Тәжікстан және Өзбекстан азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда заңсыз тұрып және заңсыз жұмыс істеп жатқан шетел азаматтары арнайы рейдтік шара барысында қолға түскен. Жетісу ауданындағы шағын барақта Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген қатарынан бірнеше отбасы тұрып жатқан.

Арасында "люли" ұлтының 44 өкілі бар тұтқындалған адамдардың Алматыда тұрып жатқандарына 1 айдың жүзі болған. Осы уақыт ішінде олар базарлар мен қала көшелерінде қайыр сұраумен айналысқан. Тексеру кезінде тұтқындалған адамдардың ешқайсысында жеке басын куәландыратын құжаттары табылмаған.

"Олардың жеке басын анықтау және қылмыстарға қатыстары бар-жоқтықтарын анықтау үшін арнайы орынға жеткізілді. Кейіннен шетел азаматтары ел аумағынан шығарылды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы полиция полковнигі Сәрсен Көкебаев.

Жыл басынан бері Алматы қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке барлығы үш мыңнан астам шетел азаматын тартқан. Ел аумағынан 847 адам шығарылса, олардың 741-і ТМД азаматтары және қалған 106-ы алыс шетелдердің азаматтары болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны