03.09.2016, 23:46 4489

Өзбекстан Президенті Ислам Каримов Самарқанд қаласындағы Шахи-Зинда тарихи кешеніндегі зиратқа жерленді

Ислам Каримовтыӊ ата-анасы жерленген Шахи-Зинда зиратында жерленген. Бұл тарихи орын саналатындықтан соӊғы 20 жылдан бері адам жерлеуге тыйым салынған, алайда мемлекет басшысы үшін ғана рұқсат етілді. Өзбекстанда үш күндік аза тұту жарияланды.

Астана. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ислам Каримов Самарқанд қаласында ата-анасы жатқан Шахи-Зинда тарихи кешеніндегі зиратқа жерленді, деп хабарлайды ресми БАҚ-тар.

Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтыӊ мәйітін Ташкенттен туған қаласы Самарқандқа ұшақпен жеткізді. Кортеж қоштасу рәсімі өтетін қала орталығына келді. Жол бойында көшеніӊ екі жағына тізіліп тұрған адамдар оған құрмет көрсетіп, қаралы шерудіӊ жолына гүл шоқтарын тастады. Араларында көз жастарына ерік берген адамдар қарасы көп болды.

Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Регистанныӊ тарихи алаӊында өтті, онда марқұмныӊ туған-туыстарымен бірге шет елдердіӊ мемлекет басшылары мен ресми өкілдері, ірі халықаралық ұйымдардыӊ басшылары, журналистер, қоғам қайраткерлері қатысты. Мәртебелі тұлғалардыӊ қатарында Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан президенттері, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Грузия премьер-министрлері, Иранныӊ СІМ басшысы, БАИ мемлекеттік министрі, ТМД атқарушы хатшысы және басқалары болды.

Шамамен бірнеше мыӊға жуық адам жиналды. Рәсімнен кейін қаралы шеру көне Шахи-Зинда қорымына бет алды, онда Ислам Каримовты ислам ғұрпына сай жер қойнына тапсырды.

Ислам Каримов ата-анасы жатқан Шахи-Зинда зиратында жерленген. Бұл тарихи орын саналатындықтан соӊғы 20 жылдан бері адам жерлеуге тыйым салынған, алайда мемлекет басшысы үшін ғана рұқсат етілді.

Самарқандта Бибі ханым мешітіне жақын сәулет ескерткіштері Шахи-Зинда кешені орналасқан. Шахи-Зинда он бір мавзолейден тұрады, олар 14 - 15 ғасырларда салынған. Көне кесене Афрасиаб қалашығына жақын орналасқан. Оны қорым көше деп те атайды. Шахи Зиндаға атақты адамдар мен патшалар жерленеді. Мавзолейдіӊ басты тұсы пайғамбардыӊ немере інісі Мұхаммед - Кусама Ибн-Аббас кесенесінен басталады. Оныӊ атауы парсы тілінен аударғанда "Тірі патша" деген ұғымды береді.

Жерлеу рәсімі Регистан алаӊында өтті. Мүфти Усманхон Алимов жаназа намазын оқып, мыӊдаған ер адамдар жерлеу рәсіміне қатысты.

Артынша Президенттіӊ оралған мәйітін 2 шақырым қашықтықта орналасқан Шахи-Зинда зиратына адамдар қолдарымен көтеріп апарып, жер қойнауына тапсырды.

Естеріӊізге сала кетейік, жұма күні кешке Өзбекстан билігі Ислам Каримовтіӊ қайтыс болғаны туралы хабарлады. Хабар елдіӊ барлық телеарналардыӊ эфирінде айтылды.

Сондай-ақ ресми хабарламада медициналық комиссия биологиялық өлім уақытын 2 қыркүйек күні сағат 20:55-те тіркегені айтылған.

Өзбекстанда үш күндік аза тұту жарияланды.ҚР Президенті Өзбекстан басшысы Ислам Каримовтіӊ қайтыс болуына байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдап, бауырлас Өзбекстан халқына қатты қайғырып көӊіл айтты.

Ал Премьер-министр Кәрім Мәсімов бастаған делегация Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша Самарқандтағы жерлеу рәсіміне қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны