18.04.2007, 17:58 2985

Өзбекстандық әйелді атқан қазақстандық шекарашыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 18-сәуір. Kazakhstan Today. Өзбекстандық әйелді атқан қазақстандық шекарашыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір қылмыстық іс қозғалып, оны тұтқындау мәселесі шешіліп жатыр",- деді С.Нұрпейісов. Оның айтуынша, "осы оқиғаға қатысты барлық жайттар тергеу барысында тексеріледі".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16-сәуір күні таңертең Сарыағаш аудандық ІІБ-іне "Қақпақ" шекаралық өткелінен шекара әскерінің 21 жастағы сержанты мас күйінде қызметте отырып автоматтан үш мәрте оқ атқаны туралы хабар келіп түскен. Ол бір оқты аспанға қаратып, қалған екеуін Қазақстан аумағындағы қамыс үйлерге қаратып атқан. Соның салдарынан бір оқ 36 жастағы өзбекстандық әйелдің басынан тиген. Ол оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны