30.06.2008, 18:20 7049

Өзбекстанның әскери қызметкерлері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтті

Өзбекстанның әскери қызметкерлері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтті

Бішкек. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанның әскери қызметкерлері 27 маусым күні 16 сағат 30 минут шамасында Қырғызстан Республикасының Ош облысының Қарасу ауданының Акташ ауылдық басқармасының Барақ ауылының аумағында шекараны заңсыз кесіп өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қырғызстанның ІІМ хабарлауынша, Өзбекстан Республикасының камуфляж формасындағы белгісіз әскери қызметкерлері "Деу-дамас" көлігімен дәл осындай екінші бір көлікті қуған. Онда Өзбекстанның екі азаматы болған. Алдын ала болжам бойынша қашқан көлікте 20 қап күріштері бар саудагерлер болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны