17.09.2009, 13:39 2751

Өзбекстанның елуге жуық азаматы Қазақстанның шекарасынан жаяу өтуге талпыныс жасады

Өзбекстанның елуге жуық азаматы Қазақстанның шекарасынан жаяу өтуге талпыныс жасады

Астана. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өзбекстанның елуге жуық азаматы 16 қыркүйекте Қазақстанның шекарасынан жаяу өтуге талпыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Өзбекстанның 53 азаматы Қазақстанға жаяу шыққан. Олар Жетісай шекара отрядының "Мырзакент" шекара заставасының аумағында ұсталды.

"Олардың бәрі де шекарадан заңсыз өткен және қазірде Мақтаарал АІІБ қызметкерлеріне табысталды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, шекарашылар Қордай ауылының маңында Қырғызстаннан 14 бас ірі қара малды айдап өтпек болған Қазақстанның екі азаматын ұстады. Қазақстанның тағы бір азаматы Қырғызстаннан 5 жылқы мен 40 бас ірі қара малды айдап әкелмек болды. Бұл деректер бойынга қазір тексеру жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны