15.07.2014, 23:05 3004

Өзгертілген "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы өмір сүру ұзақтығына оң әсер етеді - ДСМ

2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының онкологиялық көмекті дамыту салалық бағдарламасы "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының "Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қазақстандықтың өмір сүру ұзақтығына оң әсер етпек.

Естеріңізге сала кетейік, 2 шілдеде Мемлекет басшысы 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының "Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №851 Қаулысына қол қойды.

Осылайша 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының онкологиялық көмекті дамыту салалық бағдарламасы "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттарының бірі ретінде аурудың алдын алу, тиімді халықаралық технологияларды пайдалана отырып азаматтардың денсаулығын нығайту бойынша сектораралық байланыс болып қала бермек.

"Мемлекеттік бағдарлама аясында қолға алынатын шаралар кешенді әдістерді талап етеді. Өйткені ол мәні мен мағынасы жағынан бір ғана ведомстваның құзіретінен шығып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Ішкі істер (жарақатты азайту бөлімі) министрліктерінің де қызметіне кіреді", - делінген ведомства хабарламасында.

Жалпы, мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтың жауапкершілігіндегі денсаулық сақтау саласының сектораарлық байланысына негізделген мемлекеттік бағдарламаның сәтті іске асырылуы 2020 жылға қарай қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығының 73 жасқа жетуіне алып келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны