18.04.2015, 00:15 4167

Парадқа қатысу үшін Қазақстанға жаӊа жоғарғы маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшақтарыкеліп жетті

ҚР Қарулы Күштерініӊ тарихында тұӊғыш рет Қазақстан Искери-әуе күштері екі орындық көп функциялы жоғарғы маневрлі 4++ буынына жататын Су-30СМжойғыш ұшақтарымен толығып отырғанын атап өткен жөн.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Талдықорған қаласындағы авиациялық базаға Иркутск қаласынан (Ресей Федерациясы) 4++ буынына жататын Су-30СМ жаӊа жойғыш ұшақтары келіп жетті. Бұл ұшақтар 7 мамырда Астанада өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған әскерлер парадына қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Қарулы Күштерініӊ тарихында тұӊғыш рет Қазақстан Искери-әуе күштері екі орындық көп функциялы жоғарғы маневрлі 4++ буынына жататын Су-30СМжойғыш ұшақтарымен толығып отырғанын атап өткен жөн. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Бүгінгі таӊда ҚР Қарулы Күштерініӊ авиациялық паркі Су-30 СМ жоғарғы маневрлі ұшақтарымен толықты. Бұл Қазақстан Искери-әуе күштері жауынгерлік қуатыныӊ артқанын көрсетеді. Бұдан басқа, ұшақтыӊ жоғарғы техникалық мүмкіндіктері ұшу құрамы даярлығыныӊ биік деӊгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Су-30СМ ұшағы Қазақстан Республикасы әуе кеӊістігініӊ қорғанысын айтарлықтай арттыра түспек. ҚР Президенті - Қарулы Күштердіӊ Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаевтыӊ қамқорлығы арқасында армиямыз жылдан-жылға нығайып, әскерлерге әскери техниканыӊ жаӊа үлгілері келіп түсуде, әскери кадрларымыздыӊ кәсіби шеберлігі артып келеді", - деп ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов атап өтті.

Ұшақ базадан елеулі қашықтықта тәулік бойы, ауа-райыныӊ кез-келген жағдайында, қарсыластыӊ ақпараттық және атыспен қарсы әрекет етуіне қарамастан жауынгерлік міндеттердіӊ кеӊ ауқымын орындауға қабілетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны