20.04.2015, 22:08 4121

Парадтыӊ тарихи және заманауи бөліміне қатысатын әскери техникалар дайындыққа кірісті

Механикаландырылған лектердіӊ жаттығуы кезінде парадқа қатысатын барлық 230 әскери техника көрсетіледі. Бұрын айтылғандай парад екі- тарихи және заманауи бөлімді қамтиды

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған парадқа дайындық қарқынды жүруде. Доӊғалақты және шынжыр табанды техникаларды жүргізу бойынша іс жүзіндегі даярлық басталып кетті. Жеке мен кіші топ құрамындағы жаттығулардан кейін жауынгерлік машина жүргізушілері алаӊда ауқымда іс-қимылдарды пысықтауды бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Механикаландырылған лектердіӊ жаттығуы кезінде парадқа қатысатын барлық 230 әскери техника көрсетіледі. Бұрын айтылғандай парад екі- тарихи және заманауи бөлімді қамтиды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Парадтыӊ тарихи бөлімінде әскери техникалар легін Т-34 танкісі бастап, ЗИС-2 зеӊбірегі, ЗиЛ-157және М-30 гаубицасы, танымал БМ-13, РС-30 "Катюша", атақты "Максим" пулеметі,РБД (Дегтяревтыӊ қол оқшашары) ППШ (Шпагинніӊ пистолет-оқшашары)легінен құралған құрама жалғастырады. Парадта әскери техникалардыӊ заманауи бөлімін қарумен басқарылатын Т-72 Б танкісі бастайды. Сонымен қатар алаӊға танктерге қолдау көрсетіп әскери машиналар "Солнцепек", жаяу әскерлер әскери машиналары, БТР-82 бронды транспортерлері, Д-30 гаубицалар, "МСТА", КамАЗ автокөліктері, "Тигр" бронды машина, "Кобра" жауынгерлік барлау көлігі және соӊғы жылдары қазақстандық армия қатарына алынған қару-жарақтар мен қазіргі заманғы әскери техникалар өтеді.

ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысыныӊ қару-жарақ бойынша орынбасары полковник Асылбек Сатыбалдинов парадтыӊ техникалық құрамы бірыӊғай механизм болуы тиіс деп атап өтті.

Осы орайда жүргізушілерден жоғарғы деӊгейдегі шеберліктерін көрсетуі, сондай-ақ бұйрықты естуі мен бағынуға үйренуі, нақты уақыты мен өзініӊ қозғалыс жылдамдығын білуі талап етіледі. Астанаға осы мақсатта парадқа қатысу үшін әскери бөлімдерден еӊ үздік мамандар келді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны