22.09.2016, 17:00 4627

Паралимпиада-2016 жүлдегерлерініӊ сыйақылары олимпиадалыққа теӊестіріледі

Министрдіӊ айтуынша, бүгін республикалық бюджеттік комиссияныӊ отырысы өтеді. Онда паралимпиадашыларға олимпиадашылардыӊ сыйақыларымен теӊ сыйақы тағайындау туралы шешім ұсынылады.

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Рио-2016 қазақстандық паралимпиадашыларыныӊ жүлде қоры олимпиадалыққа теӊестіріледі, деп мәлімдеді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана әуежайында қазақстандық паралимпиадашылар делегациясын күтіп алу кезінде.

"Паралимпиада ойындарынан алған алтын және күміс медальдар ел тариxыныӊ алғашқы жүлделері саналады. Бұл барша Қазақстан үшін үлкен қуаныш. Еӊ бастысы, әрине, бұл біздіӊ спортшыларымыз үшін үлкен бақыт. Біздіӊ мақсатымызда жалпы медальдік есепке ену болмаған еді, біздіӊ мақсатымыз Риоға 10 жолдама ұтып, Ойындарға қатысу болатын", - деп баса айтты ҚР МСМ басшысы.

Министрдіӊ айтуынша, бүгін республикалық бюджеттік комиссияныӊ отырысы өтеді. Онда паралимпиадашыларға олимпиадашылардыӊ сыйақыларымен теӊ сыйақы тағайындау туралы шешім ұсынылады.

"Астанада 26 тамызда Рио Олимпиадасыныӊ жүлдегерлерімен салтанатты кездесу барысында Президент Паралимпиада қатысушыларыныӊ сыйақы қорын Олимпиада қатысушыларыныӊ деӊгейімен теӊестіруді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта біз министрлікте барлық қажетті құжаттарды, есептерді, дәлелдемелерді дайындадық. Бүгін республикалық бюджеттік комиссияныӊ отырысы өтеді, сонда бұл құжаттарды растаймыз. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша "алтын" үшін сыйақы қоры 84 млн теӊгені құрайтынын нақты айтып, сендіре аламын", - деді А.Мұхамедиұлы.

Ол Қазақстанда параспорт бойынша тиісті көӊіл бөлінбегенін мойындады, алайда қазір, министрдіӊ пікірінще, жағдай оӊалып келеді.

"Риодағы жетістікке аяқ астынан жеткен жоқпыз. Бұл жаттықтырушылар мен Ұлттық паралимпиада комитетініӊ еӊбегі", - деді ведомство басышысы.

Анықтама үшін:

2016 жылы Риодағы Паралимпиада ойындарында 11 спортшы ел намысын қорғаған болатын. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына 1 алтын, 1 күміс жүлде түсті. Алтын жүлдені суға жүзуден Жамбыл облысыныӊ атлеті Зульфия Габидуллина алса, күміс медальді Алматы облысыныӊ зілтеміршісі Раушан Қойшыбаева иеленді.

Паралимпиада ойындарында жалпы командалық есепте бірінші орынды 107 алтын, 81 күміс және 57 қола жүлдемен Қытай құрамасы алды. Екінші орында 64 алтын, 39 күміс, 44 қола медальмен Ұлыбритания атлеттері тұрса, үздік үштікке 41 алтын, 37 күміс және 39 қоламен Украина спортшылары кірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны