14.10.2016, 20:53 10583

Парижде Алматыныӊ 1000 жылдығы кеӊінен атап өтілді

Киіз үй айналасында Қазақстан Республикасыныӊ 25 жылдығыныӊ символы ретінде 25 алма ағашы орнатылған.

Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today - Париждегі ЮНЕСКО штаб пәтерінде Алматы қаласыныӊ 1000 жылдығы кеӊінен атап өтілді. Францияныӊ астанасында қазақ халқыныӊ тарихынан сыр шертетін ғасырлық бұйымдар мен бірегей тарихи жәдігерлер қойылған көрме өтті. Салтанатты шараны "Сазген сазы" фольклорлық- этнографиялық ансамблі мен қазақстандық орындаушылары ән-күймен, музыкамен сүйемелдеді. Тарихи сәтке Алматы қаласыныӊ басшысы Б.Байбек қатысты.

"Қазір Алматы жағымды инвестициалық климатымен адамдардыӊ өмір сүріп, жұмыс істеуіне жағдай жасалған Орта Азияныӊ ірі мегаполисіне айналды. Қалада тұрғындардыӊ өмір сүру сапасын жақсарту үшін үлкен көӊіл бөлінуде. Мен баршаӊызды қаламызға келіп, оныӊ сұлулығына тікелей тәнті болуға шақырамын ",- деді Б.Байбек.

Негізгі көрмеге қазақ қолданбалы өнерініӊ байлығын паш ететін қазақстандық қолөнер шеберлерініӊ туындылары қойылды. Қазақстанда әлі де сақталып отырған және мақтанышқа айналған ұлттық әшекей бұйымдары мен музыкалық аспаптарға назар ерекше түсті. Сондай-ақ Парижде Алматы қаласыныӊ 1000 жылдығын атап өту аясында ЮНЕСКО штаб пәтерінде киіз үй мен алма бағы орнатылды.Киіз үйдіӊ ішінде проекциялық экран арқылы Алматы қаласыныӊ табиғатын, Шарын каньоны, Көлсай көлдері, Шымбұлақ, Абай атындағы Мемлекеттік Қазақ опера және балет театры, Республика алаӊы секілді қазіргі Алматыныӊ көркін паш ететін бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик дыбыстық және музыкалық спецэффектімен сүйемелденген. Киіз үй айналасында Қазақстан Республикасыныӊ 25 жылдығыныӊ символы ретінде 25 алма ағашы орнатылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны