12.06.2014, 21:35 2559

Парижде Халықаралық көрмелер бюросының жалауы Қазақстанға тапсырылды

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Францияға сапары барысында қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас ассамблеясының 155-ші сессиясына қатысты. Сессия барысында ХКБ мүшелері "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін ресми түрде мойындап, Ұйым Президенті Фердинанд Наги мен Бас хатшы Висенте Лоссерталес ХКБ жалауын ҚР сыртқы саяси мекемесінің басшысына тапсырды

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Францияға сапары барысында қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас ассамблеясының 155-ші сессиясына қатысты. Сессия барысында ХКБ мүшелері "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін ресми түрде мойындап, Ұйым Президенті Фердинанд Наги мен Бас хатшы Висенте Лоссерталес ХКБ жалауын ҚР сыртқы саяси мекемесінің басшысына тапсырды, сыртқы істер министрлігінен хабарлады.

Е.Ыдырысыв өз сөзінде Қазақстан Үкіметі атынан ХКБ басшылығына "ЭКСПО-2017" мойындағаны үшін алғыс білдіріп, қазақстандық тарап Бюроның елімізге берген барлық ұсыныстарын жоғары бағалайды деп атап өтті.

"Хатшылықпен орнаған тығыз қатынас көрмеге дайындалу үдерісіне зор үлесін тигізуде. Еліміз бұл абыройлы ұйымға кіргелі, біз тек ХКБ-мен ғана емес, оның барлық мүшелерімен өзара ықпалдастықтың жаңа сапалы деңгейіне өттік", - деп мәлімдеді қазақстандық СІМ басшысы.

"Астанада өтетін ЭКСПО көрмесі елдеріміз арасындағы ғылыми-техникалық, саяси, мәдени ынтымақтастығымыздың алаңына айналады деп сенемін", - деді ол. Көрмені өткізу дайындығына Елбасы ерекше назар аударатындығын айта келе, Е.Ыдырысов Қазақстан Президенті Н.И.Назарбаевтың атынан сәлемдеме хатын оқыды.Қазақстан Басшысының хатында "Көрме ТМД кеңістігінде алғаш рет өтіп, дүние жүзі энергетика саласындағы инновациялар тұсаукесері және оларды талқылау алаңына айналады", - делінген. "Астанадағы ЭКСПО, күмәнсіз, энергияның баламалы көздерін табу мен пайдалану ісіне зор үлес қосып, дүниежүзінің жетік технологияларын көрсету мүмкіндігін тудырып, энергетикалық тиімді бағдарламаларды жүргізуге қолғабыс көрсетеді. Экологиялық таза және қауіпсіз ортаны құру жолында жаңа шешімдер ізденісінде біз, бәріміз бірге бүкіл әлем қауымдастығының күшін біріктіреміз".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны