20.06.2006, 18:48 2857

Парламент 2006-жылғы бюджетке енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар “2006-жылғы республикалық бюджет туралы” заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл шешім үшін сенаттың 35, мәжілістің 60 депутаты дауыс берді.

Отырыс барысында республика үкімет басшысының орынбасары- экономика және бюджетті жоспарлау министрі Кәрім Мәсімовтың айтуынша, заң жобасын талқылау барысында қос палатаның депутаттарынан 119 ұсыныс келіп түскен. Оларды қабылдау республикаоық бюджеттің шығындарын 72 млрд. теңгеге арттыруды талап етеді. “Оларды 2006-жылғы республикалық бюджеттің шеңберінде жүзеге асыру мүмкін емес. Дегенмен, үкімет қазір 2007-жылға арналған бюджет жобасын қалыптастыру жұмыстарымен шұғылданып жатқандықтан, біз республикалық бюджеттік комиссияның жұмысы аясында депутаттардың ұсыныстарын қарауға дайынбыз”,- деді К.Мәсімов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылғы республикалық бюджетке биылғы 1-шілдеден бастап Ұлттық қор қаржысын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа үлгісіне көшуге байланысты өзгерістер енгізілді. Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, шикізат секторындағы кәсіпорындардан түсетін барлық қаржы Ұлттық қорға аударылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, макрокөрсеткіштерді нақтылау және Ұлттық қор қаржысын қалыптастырудың жаңаша тетіктерін жүзеге асыруды ескергенде 2006-жылғы республикалық бюджеттің түсімдерінің жалпы көлемі 1 трлн. 533,9 млрд. теңге, немесе Жалпы ішкі өнімнің 17,6%-ін құрайды (бекітілген бюджетпен салыстырғанда өсім 42 млрд. теңгеге тең). 2006-жылғы республикалық бюджеттің шығындары 1 трлн. 660,1 млрд. теңге (Жалпы ішкі өнімнің 19,0%-і ), немесе өсім 54,5 млрд. теңге болмақ. Бюджет тапшылығы 126,2 млрд. теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,4% болмақ.

Бүгін парламент депутаттары 2006-жылғы бюджетке енгізілетін түзетулерді екіінші оқылымда қарамақшы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны