19.06.2007, 16:31 2898

Парламент 2007-жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 19-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заңға сәйкес, 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің жалпы түсімдері 2098,2 млрд теңге, шығындары - 2369,4 млрд теңге, бюджет тапшылығы бұрынғыдай 271,2 млрд теңге болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің болжамдық тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,2 процентіне дейін, немесе 126 млрд теңгеге арттырылып, 271,2 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Бюджет түсімдерінің болжамын үкімет 76,5 млрд теңге - 2088,1 млрд теңгеге дейін, немесе ЖІӨ-нің 16,8% көлемінде нақтылады. Ал бюджет шығындарын 2359,2 млрд теңге (ЖІӨ-нің 18%) деңгейінде қалдыру ұйғарылды. Қосымша шығындар мемлекет басшысының "Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан" атты жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты.

Заң мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны