09.11.2007, 17:55 3028

Парламент 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы бойынша жұмысты жақын уақытта аяқтамақшы

Парламент 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы бойынша жұмысты жақын уақытта аяқтамақшы

Астана. 9 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Парламент 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы бойынша жұмысты желтоқсанның ортасында аяқтамақшы. Бұл туралы агенттік тілшісіне парламент мәжілісінің баспасөз мәслихаты хабарлады.

Бүгін мәжіліс бюросының отырысында, палата спикері Аслан Мусин "2008 жылға арналған республикалық бюджеттің қаралу уақытын тездету қажеттігін , елдің басты қаржылық құжаты желтоқсанның ортасында мемлекет басшысының қол қоюына жіберілуі керек" дегенді айтты.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгінгі бюро отырысында "Аслан Мусин мәжіліске электрондық үкіметтің жүйесін енгізудің мерзімін белгіледі".

"Дерпутаттармен аппарат қызметкерлері үшін арнайы оқыту семинарлары жоспарланды. Бір жылдан кейін мәжіліс толығымен электрондық құжат айналымына көшеді", - делінген баспасөз баянында.

Сондай-ақ Бюроның отырысында, парламент мәжілісі жанынан қоғамдық палата құру туралы мәселе талқыланды. Бұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Мәжіліс вице-спикері Сергей Дьяченконың атап өткеткенідей, "осынау консультативтің-кеңестік органды құру үшін құқықтың заң базасы дайындалған, оның шешімі ұсыныстық мағынада болады".

Мәжіліс төрағасы А. Мусин бұл орайда "мемлекетте бір мандатты партия болғандықтан, түрлі пікірлер мен саяси пікірталастарды өткізетін қоғамдық плюрализм алаңы болу керек"екенін тілге тиек етті. Оның ойынша, аталған "алаң" міндетін Қоғамдық палата орындауы ықтимал. Баспасөз қызметін хабарлағанындай, "қоғамдық кеңес палатасының құрамына саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді".

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 8 қазанда, "Республикалық 2008 жылға арналған бюджет туралы" заң жобасы сенаторлардың пленарлық отырысында қарастырылып, жоғарғы палата депуттары енгізілген өзгертулер мен толықтырулар мәжіліске жіберілді. Сенаторлар бюджет тапшылығын 0,1% ұлғайтып, бюджет бағдарламалары бойынша таратуды ұсынған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны