08.11.2012, 12:50 3323

Парламент 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трасферт туралы заң жобасын қабылдады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң ҚР Бюджет кодексінің және ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес әзірленген. Аталған тұжырымдамаға сәйкес, республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трасферт абсолюттік мәнде 8 млрд. доллары деңгейінде тіркелген. Бұл ретте республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері 15 пайызға дейін азайту немесе ұлғайту жағына түзетілуі мүмкін.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Ұлтық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трасферт туралы" ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң ҚР Бюджет кодексінің және ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес әзірленген. Аталған тұжырымдамаға сәйкес, республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трасферт абсолюттік мәнде 8 млрд. доллары деңгейінде тіркелген. Бұл ретте республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері 15 пайызға дейін азайту немесе ұлғайту жағына түзетілуі мүмкін.

Қабылданған заңға байланысты Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2013 жылы 1 трлн. 380 млрд. теңге мөлшерінде айқындалған. 2014-2015 жылдары Ұлттық қордан жыл сайынғы кепілдендірілген трансферт 1 АҚШ долларының бағамын 148,5 теңгеге сай есепке ала отырып, 1 трлн. 188 млрд. теңге мөлшерінде белгіленген.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің 2013-2015 жылдарға айқындалған мөлшері тиісті қаржы жылы аяғына ЖІӨ-ның болжамдық мәнінен 20 пайыздық мөлшерінде Ұлттық қордағы қаражаттың төмендетілмейтін қалдығы бойынша шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны