14.11.2012, 11:59 2744

Парламент 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады

Осыған орай төменгі палата депутаттары сенаторлар енгізген өзгерістерге келісім беріп, құжатты қабылдады.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осыған орай төменгі палата депутаттары сенаторлар енгізген өзгерістерге келісім беріп, құжатты қабылдады.

Еске сала кетейік, Парламент Сенаты бюджетті қарау барысында 74 түзету енгізген болатын. Оның ішінде 58 түзету 2013 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыс бөлігін жалпы сомасы 40 млрд. 853 млн. теңгеге қайта бөлуді көздеген еді. Осыған орай сенаторлар Үкімет резервінің қаражатын 40 млрд. 807 млн. теңгеге қысқартқан болатын. Бұдан бөлек Парламенттің шаруашылық басқармасының шығыстары 13 млн. теңгеге, Жоғарғы сот шығысы 33 млн. 281 мың теңгеге қысқартылған болатын.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны