30.11.2006, 11:46 6474

Парламент адвокатура мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 30-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жобасына қатысты келісім комиссиясының шешімін мақұлдады, - деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жобасы адвокаттың мәртебесін көтеру және кәсіби заңгерлік көмек көрсету саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатын көздейді.

Соған сәйкес Қылмыстық-процессуалдық кодекс, "Адвокат іс-қызметі туралы" және "Қылмыс жасаған айыпкерлер мен күдіктілерді қамауда ұстау шарттары мен тәртіптері туралы" заңдарға түзетулер енгізілмек.

Атап айтсақ, Қылмыстық-процессуалдық кодексті кәмелеттік жасқа жетпеген айыпкерді (күдіктіні) тергеу барысына іске қастысушы тергеуші, мойындатушы мен қорғаушы міндетті түрде қатыстырылуға тиіс деген нормамен толықтыру көзделген. Сонымен бірге тергеу шарасына зардап шеккен жақ та қатысады деген норманы енгізу ұсынылып отыр.

Бұған қоса Қылмыстық-Процессуалдық кодекске енгізілетін түзетуге сәйкес, "іс сотта қаралған сәтте қорғаушы заңгерлік көмек көрсетуге қажетті заттар, құжаттар мен мәліметтерді таныстыру құқығына ие болмақ".

"Атқару өндірісі туралы" заңға енгізілетін түзетулермен адвокатқа балаларды бөтен адамдардың қамқорлығына беру әрекеттерін жүзеге асыруда атқару өндірісіне қатысуды міндеттеу ұсынылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны